«Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді. Мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысып, жаңа босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.
«Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне, соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын»,-дейді Сәрсен Абайұлы.