Шымкентте түзету мекемесінен жазасын өтеп шыққан қарияны қарттар үйі қабылдаудан бас тартқан. Ер кісі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілінен көмек сұраған.
Түрмеден бостандыққа шыққан ер кісі үй-күйсіз жүрген. Оның қалада туыстары да жоқ, жалғыз қалған. Сәйкесінше оның тұрғылықты жері де, тіркеуі де болмаған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі араласып, қажетті құжаттарды жинағаннан кейін ол Қарттар үйіне орналастырылды. Оның жеке куәлігі жоқ екенін білген мамандар құжатын қалпына келтіру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген екен. Ал Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығы оның құжаттарын рәсімдеуден бас тартқан.