Шымкент қаласында ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сезікті 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, Д. 2025 жылдың сәуір айында өз үйінде онлайн-платформа арқылы әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.
Сотта оның кінәсі жинақталған дәлелдермен толық дәлелденді. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Алайда прокурор оны бас бостандығынан айыруды ұсынды.
Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының өкінгенін ескеріп, оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
