Шымкенттік кәсіпкер жоқ сүтті «сатып», 12 миллион теңге жымқырған
Іс материалдары бойынша, кәсіпкер сүт өнімдерінің құнын төмендету бойынша дұрыс емес өтінімдер ұсынған. Іс қазір сотта қаралуда.
«Өндіруші сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға сүт сатуы керек еді. Алайда олар өндірушіден ешқандай өнім алмаған. Мемлекеттен субсидия тауарлардың бағасын төмендетуге бағытталған және литріне 20 теңгеден төленеді», – делінген қалалық прокуратура хабарламасында.
Дәл осылай субсидия алуға негізсіз тырысқан бірнеше кәсіпкерлер анықталды. Мемлекет кірісіне 24 миллион теңге өндірілді. Өрескел заң бұзған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды.