Шымкент. 14 тамыз. BM.KZ — Бүгін Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бірқатар БАҚ мәліметінше, ол сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе ысырап етті деген күдікке ілінген.
ҰҚК бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартып, тек ресми сауалға ғана жауап берілетінін хабарлады.
Ал BM.KZ дереккөздері Әбдешовтің қамауға алынғанын бейресми түрде растады. Ал оның ұсталуына Шымкенттегі қазіргі қызметі емес, бұрынғы Жамбыл облысындағы ісі себеп болған көрінеді. Нақтырақ айтқанда, әңгіме Тараз қаласының бас жоспарын әзірлеу конкурсына қатысты болып отыр.
BM.KZ редакциясы шенеуніктің қамауға алынуына байланысты құзырлы органдарға ресми сауал жолдап қойды.
