Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады.
Президент бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті.
Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты.