Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Синоптиктер 18 ақпан күні Қазақстанның 17 облысында және Астанада ауа райына байанысты ескерту жариялады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 18 ақпанда Астанада түнде қар аалас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Көктайғақ болып, күндіз жау бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, оңтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын болады, күндіз өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын өтеді. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Өңірдің батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей сәттерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Өңірдің батыс, оңтүстік және шығысында желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Абай облысының батысы мен орталығында күндіз қар аралыс жаңбыр, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғып, облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін барады.
Қостанай облысының батысы, шығысы және орталығында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын өтеді. Батыс, шығыс және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман болады.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы өңірлерде жел оңтүстік-шығыстан соғып, таңертең және күндіз жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғып, 15–20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының орталығы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жел күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 15–20 м/с-ге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы және шығысында қар аралас жаңбы жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде күндіз қар аалыс жаңбыр, жаяу бұрқасын болады. Өңірдің солтүстігі, шығысы және орталығында тұман мен көктайғақ байқалады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жауын, жаяу бұрқасын болады. Солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ пен тұман болады. Жел оңтүстік-батыс және батыстан соғып, жылдамдығы 15–20 м/с, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде 23–28 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысында кей уақытта тұман түседі. Таулы аймақтарда жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 15–20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері маңында жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, кей мезетте 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының шығысы мен орталығында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады.
