• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Системаға» өлсең де шыдауың керек»: қаза болған оқушыға қатысты тың ақпарат шықты

«Системаға» өлсең де шыдауың керек»: қаза болған оқушыға қатысты тың ақпарат шықты

4 мая, 2024 Қоғам
Дәрігер «Мы мертвых не возим» дегенде баламның өлгенін бір-ақ білдім, дейді жасөспірімнің әкесі Тоқтасын Орманов
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқушы қайтыс болды. Марқұмның ажалы соққыдан болды дейді отбасы. Sputnik Қазақстан тілшісі жасөспірімнің ата-анасынан мән-жайды сұрап білді.
Қайғылы оқиға 29 сәуірде Құмжота ауылында болған.
«Сағат таңғы 9:30 шамасында сынып жетекшісі қоңырау шалып, «Мирас мектепте талып қалды, тезірек келіңіздерші» деді. Сәлден соң «амбулаторияға апарамыз, сол жерге келіңіздер» деп қайта хабарласты, онда барсақ ешкім жоқ. «Қайдасыңдар» деп сынып жетекшісіне қоңырау шалсам, мектептеміз дейді. Барсақ баламды бір бөтен көліктің артқы жағына жатқызып қойыпты, оны әйелім кроссовкасынан танып қойды», — дейді қайтыс болған жасөспірімнің әкесі Тоқтасын Орманов.
Баласын өлдіге санамаған ата-ана жедел жәрдемнен баланы дереу ауруханаға жеткізуді сұраған.
«Дәрігер «Мы мертвых не возим» дегенде баламның өлгенін бір-ақ білдім. Сол арада полиция, сарапшылар келді. Бәрін шақырып қойған. Мектеп директоры «Бала кіші дәретке барғанда құлап қалған» деді. Бала мектеп аумағынан сыртқа шығарылып, бөтен көлікке салып қойған. Мектепте емес, сыртта өлді дегені ме, білмедім», — дейді Тоқтасын.
Мирасты таңертең бір сынып жоғары оқитын балалар ұрғанын ата-анасы кешке бір-ақ білген.
«Біз расымен құлап қалды деп ойладық. Сот-медициналық сараптамаға баланы алып кетіп, сағат 4-те келді. Сонда жүрегінің күретамыры үзілгені анықталды. Содан інілеріме ауылдың балалары ұлымның соққыдан өлгенін айтып берген. Ұрған бала боксқа қатысады. Негізі бірнеше бала ұрған, біреуі ғана қамалған. Оның өзін Байзақ аудандық соты сабақтан қалмау керек деп қамаудан шығарып жіберді», — дейді марқұм баланың әкесі.
Мирастың анасы Раушан Құдасованың айтуынша, ұрған баланы ата-әжесі тәрбиелеген, өз ата-анасы Қонаев қаласында жұмыс істейді.
«Әке-шешесі әскери, әкесі майор деп естідім. Негізі Мирас былтыр күзде мектептегі әлімжеттік туралы шағымданған, мектеп директоры «ешкімге арызданбаңыздар, енді ондай болмайды» деп уәде берген. Содан бері тынышталғандай болды. Мектептің ішкі дәретханасын жауып, сырттағысын ашқан. Мектеп пен дәретхананың арасы біраз жер. Балаларды сол дәретханаға апарып үнемі ұрады екен», — дейді Мирастың анасы.
Мирас көпбалалы отбасынан шыққан.
«Сыныптастарының бәрі қашан, қай жерде таяқ жегенін айтып жатыр. Көкіректерінде соққының ізі тұр. Бұл сондай «система», оған өлсең де шыдауың керек екен. Қазір маған 8-сынып оқушылары «апай, бізді тағы жоғары сынып оқушылары қорқытып жатыр» деп жазып жатыр, смс хабарламаларының көшірмесін жіберді», — дейді Раушан Құдасова.
Оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды», — дейді облыстық полиция департаменті.

Оқылып жатыр

Автокөліктерге мемлекеттік туды ілу бойынша Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады

Жезқазғанда ер адамнан 300-ден астам киік мүйізі тәркіленді

Сенат «ЛГБТ насихатына тыйым салуды» көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Автокөліктерге мемлекеттік туды ілу бойынша Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады

Басты тақырып 18 декабря, 2025

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде елдің мемлекеттік туын автокөліктерде…

Жезқазғанда ер адамнан 300-ден астам киік мүйізі тәркіленді

18 декабря, 2025

Сенат «ЛГБТ насихатына тыйым салуды» көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

18 декабря, 2025

Пара алған Хромтау әкімі 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды

18 декабря, 2025

17 млн ауған азаматына аштық қаупі төніп тұр

18 декабря, 2025

Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төтенше отырысын өткізуді сұрады

18 декабря, 2025

Алматы – Бангкок рейсі техникалық себеппен Делиге қонды

18 декабря, 2025

Ресейде жасөспірім тәжік баласын пышақтап кеткен: Тәжікстан СІМ мәлімдеме жасады

18 декабря, 2025

Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: көпбалалы ана бірнеше адамды алдап, 35,4 млн теңге иемденген

18 декабря, 2025

Қазақстан-Жапония: Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады

18 декабря, 2025

Ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

18 декабря, 2025

Шымкентте елден тендерге деп ақша жинаған интернет-алаяқ сотталды

18 декабря, 2025

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

17 декабря, 2025

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.