Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын медаль түсті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды.
— Ол үздік 8 мерген іріктелген финалда 358.2 ұпай жинап, рекорд жаңартты. Енді отандасымыз — осы жаттығуда ересектер және жасөспірімдер санатында әлем мен Азия рекордының иесі, — делінген хабарламада.
