Сот Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмады. Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман айтты. Сот экс-министрді ата-ана құқығынан айыруға негіз жоқ деп тапқан.
«Азаматтық некеде болғандықтан, Салтанат балалардың отбасы мүшесі саналмайды екен. Ал сот заң бойынша ата-ана құқығынан тек отбасы мүшесін өлтірген жағдайда айырады деп түсіндірді», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Қуандық Бишімбаев пен Назым Қахарманның ортақ 3 баласы бар.