Астана қаласының тұрғыны Сұлушаш Оразақызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады. Айтуынша кәмелетке толмағандар істері бойынша сот оны 4 баласымен жалғыз баспанасынан айырмақ.
Әлеуметтік желіге жүктелген үндеуде Сұлушаш Оразақызы 2018 жылы пәтері мен үйін сатып, қосымша несие алып, елорданың элиталы үйлерінің бірінен баспана сатып алады. Енді сол баспанасын кәмелетке толмаған балалар ісі бойынша сот пәтерді әкімдіктің тұрғын үй қорына өткізуін талап етіп шешім шығарған. Енді 02.10.2024 жылы аппеляциялық сот отырысы өтеді.
Бұл соттың да әділ шешім шығаратынына күмәнмен қараған Сұлушаш Оразақызы Президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Аппеляциялық сот бұрынғы шешімді өзгеріссіз қалдырса, күннің суығында балаларыммен далада қаламын ба деп қорқады ол.