Спортта үлкен жетістікке жеткен қандасымыз туралы фильм жарық көрді
«Үміт сәулесі» фильмінің басты кейіпкері — Астана қаласының пара спортшысы Ерғали Шамей. Монғолияда туған қандасымыз 18 жасында ата-жұртына біржола қоныс аударып, 2015 жылы жаттықтырушының арнайы шақыртуымен спортқа бет бұрған.
Айта кетелік, парадзюдодан әлем чемпионы Ерғали Шамейдің өміріне негізделген фильм биыл Францияда өтетін Паралимпиада ойындарының алдында ел спортшыларына қолдау көрсетіп, жетістіктеріне лайықты назар аударуға да септігін тигізеді.