Астана. 13 тамыз. BM.KZ – Бұл технология ең шалғай және қолжетімсіз аймақтарда да тұрақты интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
Бүгін, 2025 жылдың 13 тамызында, Starlink компаниясы Қазақстан Республикасы аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін көрсете бастады, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму министрлігі.
Осының арқасында еліміздің тұрғындары SpaceX компаниясына тиесілі Starlink төмен орбит8алық спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қол жеткізе алады.
Еске салсақ, 2025 жылғы 12 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау міндеттемесін бекітетін келісімге қол қойған еді.
Starlink технологиясы ең шалғай және қолжетімсіз аймақтарда да тұрақты байланыс орнатып, халыққа заманауи цифрлық сервис ұсынады деп жоспарланған.
Актуалды тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпаратты компанияның https://www.starlink.com/ ресми сайтынан табуға болады.
