Түркістан облысының бірнеше ауданы мен ауылдары судан улануы мүмкін. Облыс тұрғындары осылай дабыл қағып отыр. Атап айтақанда Түркістан қаласының бір бөлігі, Сауран ауданына қарасты 4 ауыл мен Кентау қаласы және оның маңындағы тағы 4 елді-мекен тұрғындарының денсаулығына қауіп төніп тұр. Кентау қалалық мәслихатының депутаты Самат Сәденовтың сөзінше аталған елді-мекендер шахтаның суын ауызсу ретінде пайдаланады. Оның жанында шетелдік компания алтын өндірісімен айналысып отыр. Және химиялық қалдықтарды су шахтасының жанына төгеді. Нәтижесінде судың дәмі бұзылып, соңғы 2 аптада бірнеше адам ауруханаға түскен. Қоғам белсендісі Бахтияр Жаңабаев та бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Айтуларынша қытайлық компания 2 рет сотта жеңіліп, химиялық қалдықтарды басқа жерге төгуге міндеттелген. Бірақ сот үкіміне бағынғылары келмейді, заңның да тісі батпай тұр. Керісінше әкімдік оларға қосымша жер телімдерін беріп, алтын өндіру жұмысын үдерткен. Осылайша, халық пен шетелдік компанияның күресіп жүргеніне 7 жылдан асқан. Алайда еш нәтиже жоқ. Депутат Самат Сәденов суды тексеру бойынша уақытша комиссия құрып, оның сынамасын тәуелсіз зертханада тексертуді жоспарлап отыр.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды