• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Су кодексі еріккеннің ермегі емес

Су кодексі еріккеннің ермегі емес

7 марта, 2024 Басты тақырып
Су кодексі еріккеннің ермегі емес
Жыл өткен сайын тұщы су мәселесі әлем бойынша қат болып бара жатыр. Тіпті аты жер жарған аузы дуалы сарапшылардың өзі «алдағы уақытта болуы мүмкін соғыстар мұнаймен газ емес, су үшін болады» деген болжам жасауда.
Жаһандағы 146 мемлекет 263 трансшекаралық өзендердің суын пайдаланатынын ескерсек, бұл болжамдардың өзегінде шындық жатқаны анық. Дәл мұндай жағдай Орталық Азия елдерінде де бар. Кезіндегі өзбек президенті Ислам ака Каримов «кіндік Азияда жатқан бес ел (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан) суға бола текетіресіп қалуы әбден мүмкін» дегенді айтқан-тұғын. Бұл сөзде жан бар. Тәңіртаудан аққан су жолдарын қырғызбен тәжіктің жолдан байлап алуы, су қоймаларын салуы, төменде жатқан өзбек, қазақ, түркіменнің жағдайын ойламауы, Каримов айтқан сөздің түбі ақиқатқа айналып келе жатқанын көрсетеді. Тіпті ауғандардың Әмударияны жолдан байлап алып, өз жеріне канал арқылы ағыза бастауы, су үшін үлкен бір қақтығыстың шеті қылтия бастағанын аңғартқандай. Әрине мұның бәрі жақсылықтың нышаны емес. Енді өз жерімізге ойысатын болсақ, су мәселесі бізде де өте қат, үлкен проблемаға айналып келе жатыр.
Ауыз сумен егістік суғаратын судың жетіспеушілігі жылдан жылға ең өзекті мәселе болып, күн тақырыбынан түспеуде. Өкініштісі, біз бұл мәселені шешу үшін, жер асты суларын дұрыс пайдалана алмай, тек трансшекаралық өзендерге тәуелді болып отырған елміз. Бұл су шаруашылығымен айналысатын мамандардың біліксіздігімен білімсіздігенен шығар. Тіпті бұл жерде су туралы заңның болмауыда белгілі бір деңгейде әсері берген болар. Осының бәрін безбеннен өткізіп, сараптай келе «Байтақ» жасылдар партиясы талай рет елімізге Су министрлігі қажет екенін және жаңа Су кодексі керек екенін талай айтты. Жазды. Болмаған соң, Президентке жеткізді. Соның арқасында, президенттің жарлығымен Су және Ирригация министрлігі құрылды. Қазір Су кодексі парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Қашан даяр болады. Әзірге белгісіз. Бір қызығы осы Су кодексін Мәжілістің агро өндіріс комитеті қарап жатыр екен. Біздің ше, бұл дұрыс емес. Өйткені агро өндіріс саласы суды пайдаланушы болып саналады. Керісінше бұл мәселені депутат Еділ Жаңбыршин басқаратын Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті • қарауға тиіс еді. Өйткені суды үнемдеу, су қорларын сақтау, экологиялық тиімділігін қорғау бәрі осы комитеттің жұмысы емес пе? Осы жерде неге Экология комитеті су мәселесін «біз қарауымыз керек» деп бастама көтеріп, қолға алмады? Неге енжарлық көрсетті? Әлде «бәледен машайық да қашыптының» кебін келтіріп отыр ма? Түсініксіз. Өйткені Су кодексі еліміздегі қалыптасып отырған су мәселесін жөнге келтіретін бірден бір тетік деуге болады. Сондықтан оған ат үсті қарауға, салғырттық тантытуға болмайды. Ауа мен Су тіршіліктің негізгі көзі дейтін болсақ, еліміз үшін аса маңызды саланы майшаммен қарағандай қарайтын, экологтардың қолына беру керек.
«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай

Оқылып жатыр

Таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы атанды

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы атанды

Басты тақырып 7 декабря, 2025

Астана. 7 желтоқсан. BM.KZ — Қазақстандық спортшы Батырхан Төлеуғали (87 келі) Найробиде (Кения) өтіп жатқан…

«Нарынқол» шекара заставасында өрт шығып, әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты

7 декабря, 2025

Өгей қызына қырындаған Лисаковск бизнесмені өмір бойына сотталды

6 декабря, 2025

G7 мен ЕО Ресей мұнайы экспортына толық санкция қарастырып жатыр

6 декабря, 2025

Өзбекстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілді

6 декабря, 2025

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

5 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.