KAZINFORM – Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өзіне тасқынға қарсы дайындықты қажетті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін берілген қатаң сөгіс туралы пікір білдірді.
«Біздің елде меморгандардың жауапсыздығынан болған келеңсіздіктер үшін шенеуніктердің кінәні мойнына алатын тәжірибесі жоқ. Бәлкім сіз бірінші болып тасқынға байланысты айыбыңызды мойындайтын шығарсыз?» — деп сұрады журналист.
Министр бұл сұраққа қазір кінәліні іздеуден бұрын жағдайда ретке келтіру әлдеқайда маңызды екенін айтып жауап берді.
«Маған қатаң сөгіс берді. Енді қазіргіден де шығыны көп шараларға жол бермеу керек болып отыр. Жергілікті мемлекеттік органдармен, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге шаралар қабылдауымыз керек. Қазір бүкіл меморгандар жұмыс істеп жатыр. Сол жұмыстардың қорытындысы бойынша, шаралар қабылданатын шығар. Тағы да айтқым келеді, шешім тасқын ахуалының алдын алу бағытындағы әрекеттердің қорытындысы бойынша қабылданады», — деді Нұржан Нұржігітов.