Қаржы тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты бірінші кезектегі қажетті заттарға арналады.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.
Айтуынша, қазірдің өзінде 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алған. Кәсіпкерлердің шығыны да өтелмек.
«Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Ешкім де көмексіз қалмайды», — деп атап өтті үкімет басшысы.