Суицидке итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.
«Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жасаөспірімдер арасындағы суицид пен әскерилер арасындағы суицид жиілеген.