• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Сурдлимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан 25 медаль еншіледі

Сурдлимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан 25 медаль еншіледі

27 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана. 27 қараша. BM.KZ — Токио қаласында XXV-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп, 81 елдің ішінде медальдік есепте 9-шы орынға тұрақтады. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мәлім етті.

Сурдлимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі Токио метрополитен гимназиясында Жапония елінің ханшайымы Како Аксино, Токио қаласының мэрі Юрико Коикэ және халықаралық Сурдлимпиада комитетінің президенті Адам Косаның қатысумен өтті.

Командалардың шеруінде еліміздің көк байрағын жеңіл атлетикадан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрсұлтан Кульдеев пен жүзуден ұлттық құрама спортшысы Мария Сотникова алып шықты.

Салтанатты рәсім барысында Халықаралық Сурдлимпиада комитетінің президенті Адам Коса ойындардың аяқталғанын хабарлап, спортшыларға алғысын білдірді.

Айта кетейік, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары Жапония астанасы Токио қаласында 15–26 қараша аралығында өтті. Бұл — төрт жылда бір ұйымдастырылатын есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы ең беделді халықаралық жарыс. Додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрі бойынша 209 дисциплинада бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасы 78 спортшымен 8 спорт түрінен өнер көрсетті.

Биылғы Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы үшін ең нәтижелі спорт түрі сурдо дзюдо болды. Бұл сында отандастарымыз 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, барлығы 11 жүлдеге қол жеткізді.

Еркін күрестен 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжаланса, грек-рим күресінде ұлттық құрама қоржынына 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде түсті.

Жеңіл атлетикада Қазақстан 1 алтын және 1 қола медаль еншілеп, Фаина Мейрманова биіктікке секіру сайысында 1,79 метр нәтижемен Сурдлимпиада рекордын жаңартты. Таеквондошылар керуги дисциплинасында 3 қола жүлде иеленсе, үстел теннисінен ерлер құрамасы командалық сында қола медальға қол жеткізді.

— Елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып, спортшыларымыз халықаралық ареналарда жаңа биіктерді бағындыруда. Мәселен, 2022 жылы Бразилияда өткен алдыңғы Сурдлимпиада ойындарында ұлттық құрама 4 алтын, 7 күміс және 18 қола медальмен медальдік есепте 13-орынға тұрақтаған болса, биыл 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медальмен 9-орынмен жарысты қорытындылады. Бұл — мүмкіндігі шектеулі тұлғалар спортын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың және мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған тұрақты қолдаудың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да спортшылардың әлеуетін арттыруға және жоғары жетістіктерге жетуіне жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз, — деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев.

Жапония Параспорт спорт

Оқылып жатыр

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Оларды неміс нумизматикалық компаниясымен серіктестікте дайындаған. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт»…

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.