• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Сыр өңірі 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды – облыс әкімі

Сыр өңірі 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды – облыс әкімі

22 декабря, 2025 Жаңалықтар
Фото: ОКҚ

Астана. 22 желтоқсан. BM.KZ — Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілген. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

Әкімнің айтуынша, биыл 41 елді мекенде 66 жобаны іске асыруға 15 млрд 155 млн теңге бөлінген. Президент тапсырмасына сәйкес, биыл барлық елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылды.

— Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Осылайша қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапты. Осы мақсатқа 26 млрд 200 млн теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда, – деді Н.Нәлібаев.

Әкімнің айтуынша, қазір 6 млрд 400 млн теңге болатын 9 жоба іске қосылды.

— Соңғы жылдары болған су тапшылығы әсерін Сыр диқандары да сезініп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, өңірде Премьер-министр бастаған Үкімет делегациясы арнайы келіп, шаруалардың жағдайымен, егістің жай-күйімен танысты. Нәтижесінде Төтенше жағдайлар министрлігінен 139 қызметкерден құралған жеке құрам көмекке жеткізіліп, 2 ай бойы шаруаларымыздың игілігі үшін үлкен жұмыс істеді, — деді Н. Нәлібаев елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет резервінен Қызылорда облысына 53 насос қондырғысын алу үшін 1 млрд теңге қаржы бөлінген. Дер кезінде қабылданған шешімдердің негізінде егіс алқаптары толығымен сумен қамтылған.

Енді су ресурстарын барынша тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, су жүйелерін цифрландыру жұмыстары қолға алынған.

— Биыл диқандарымыз күріш егістіктерінің 60 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткізіп, өнімділікті 30 пайызға арттырды. Президент тапсырмасымен өңіріміздің егін шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына алдағы 3 жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Келесі жылға 10 млрд теңге қарастырылды. Биыл су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 8 мың 100 гектарға жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артты, — деді Н. Нәлібаев.

Облыстың 3 ауданында (Шиелі, Қазалы, Арал) шетелдік компаниялардың қатысуымен су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы жүгері, жоңышқа дақылдарын егу бойынша 3 ірі жоба жүзеге асып келеді.

— Өңірімізде биыл 189 мың 600 гектарға егін егілді. Оның ішінде 80 мың 900 гектарға күріш дақылы егілді. Бүгінде әр гектардан 58,1 центнерден өнім алынып, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды, — деді облыс әкімі.

Агроөнеркәсіп егістік Қызылорда Қызылорда облысы Нұрлыбек Нәлібаев Су үнемдеу

Оқылып жатыр

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Алдағы күндері күн күрт суытады

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Оларды неміс нумизматикалық компаниясымен серіктестікте дайындаған. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт»…

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.