Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кезінде салық салынатын табыс 50 пайызға төмендейді
Мәжіліс Салық кодексіне ғылым мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер салықтық преференциялар беру арқылы ғылымның дамуын ынталандыруға бағытталған.
Заң жобасы аясында салық салынатын табысты есептеу кезінде шегерімдерге ғылыми қызмет субъектілерінің тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге немесе сатып алуға бағытталған шығыстары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруға жұмсалған шығыстар енгізіледі.
Сондай-ақ ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде шегерімге жатқызылған соманың салық салынатын табысын 50 пайызға азайту көзделеді.