Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Aikyn.kz сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.