Тараз. 2 қыркүйек. BM.KZ — Қайғылы жағдай 1 қыркүйек күні орын алған. Жасөспірімдер арасында жанжал туындап, салдарынан бір бала көз жұмды.
Бейресми мәліметке қарағанда, жанжал тұрмыстық себептерге байланысты өршіп, марқұм жүрек тұсынан ауыр жарақат алған. Сондай-ақ, олар бірін-бірі танымайтын көрінеді.
Қазіргі таңда, ізі суымай күдікті жасөспірім ұсталды. Жамбыл облыстық полиция департаменті, бұл факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп жазылған мәлімдемеде.
