Бұл сөзді төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты.
Журналист «Төтенше жағдайлар министрлігі тасқынға неге тағы дайын болмай шықты?» деп сұраған.
11 өңірдің 46 елді мекенінде тасқынның алды алынды. Түсініп тұрсыз ба? Су алған басқа 5 облыс туралы айтсақ, байқаған болсаңыздар, су өзендерден емес жазықтан келді. Шынымызды айтсақ, су біз күтпеген жақтан келді, — деді ол.
Вице-министрдің пікірінше, ешқандай мемлекет жазықтағы қар суын тасқынға қарсы дайындық кезінде есепке алмайды.
Бүгінгі таңда қардың суы ешбір елде ескерілмейді. Түсініп тұрсыз ба? Өзендерден, су қоймаларынан, бөгендерден келетін су ғана ескеріледі. Осыны түсіну керек, — деді ол.