Теміртау қаласының жолдарына тұрғындардан шағым көп. Шұрық-тесік асфальт көлік жүргізушілерінің әбден мазасын қашырған.
жолдардың жалпы ұзындығы 720 шақырым болса, қазір оның 100 шақырымы жүруге жарамсыз. Қала басшылығы бұл мәселе кезең-кезеңмен шешілетіндігін айтады.
Қаланың басты күре жолы саналатын Металлургтер даңғылының бойындағы жолдың жағдайы аянышты. Аталған жолды күрделі жөндеуді құрылыс маусымы басталған бетте бастамақшымыз. Мердігер анықталған, — дейді қала әкімі Ораз Таурбеков.