Астана. 9 қыркүйек. BM.KZ – Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Ол бұған дейін тек кеңесшісі болатын.
Сол сияқты, Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев те Жарлықпен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұрын ол да кеңесшісі еді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президент протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
