Астана. 29 желтоқсан. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді», — делінген хабарламада.
Ақорданың хабарлауынша, тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған.
