Бұл туралы 6 мамырда «Ақорда» хабарлады.
Қазақстан президенті Qarmet компаниясындағы Костенко шахтасының жерасты электр слесарі Айбар Қосановты жанкешті және жемісті еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2 мамырда Костенко шахтасында түтін шығып, Айбар Қосанов түтінді сөндіріп үлгерген. Түтін туралы хабар түскенде 187 кенші қауіпсіз жерге шығарылған.