Астана. 12 тамыз. BM.KZ – Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті терең құрмет белгісі ретінде еліміздің Мемлекет басшысына IX дан қара белбеу табыс етті. Бұл туралы Ақорда жазды.
Мемлекет басшысы бүгін Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол ашады.
Бүкіләлемдік федерация басшысы ертеңгі турнирдің ұйымдастырылуына және еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.
Кездесу барысында президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырды. Сондай-ақ, Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды ұрып сындырды.
