Астана. 28 қараша. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп 20 жастағы Сара Бекстромның қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол сәрсенбі күні Вашингтондағы оқ атудан зардап шеккен Ұлттық гвардияның қызметкерлерінің бірі болған, деп жазды ВВС.
«Батыс Вирджиниядан шыққан Сара Бекстром — біз айтып отырған гвардияшылардың бірі, қадірлі, жас және тамаша әйел. Ол 2023 жылдың маусымында қызметке кіріскеннен бастап барлық жағынан ерекше жан ретінде өзін көрсетті. Ол қазір ғана өмірден өтті», — деді Трамп Алғыс айту күніндегі әскери қызметкерлерге жолдаған үндеуінде.
Айта кетейік, Ұлттық гвардия сарбаздары сәрсенбі күні Ақ үйдің маңында жасалған қарулы шабуылдың құрбаны болған. Басты күдікті — 29 жастағы Ауғанстан азаматы Рахманулла Лаканвал, оның америкалық әскерлердің елден шығарылғаннан кейін АҚШ-қа көшіп келгені белгілі болды.
Тағы бір зардап шеккен, 24 жастағы Эндрю Вульф қазір ауыр жағдайда ауруханада ем алып жатыр.
