Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ирандағы наразылық білдірушілерге үндеу жасады.
Ақ үй басшысы өз жазбасында ирандықтарды наразылық акцияларын жалғастыруға шақырып, «көмек жолда келе жатқанын» мәлімдеді.
«Иранның патриоттары, наразылықты тоқтатпаңыздар, ғимараттарды басып алыңыздар. Кісі өлтірушілер мен зорлық-зомбылық жасағандардың аттарын ұмытпаңыздар — оларды ауыр жаза күтіп тұр. Наразылық білдірушілерді негізсіз өлтіру тоқтатылғанға дейін Иран шенеуніктерімен барлық кездесулерді доғардым. Көмек келе жатыр. Біз Иранды қайтадан ұлы елге айналдырамыз», — деп жазды АҚШ президенті.
