Астана. 30 қазан. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық қаруды сынақтан өткізуді бастағанын жариялады. Ол Пентагонға осындай бұйрық берген. Бұйрық Truth Social желісінде жаияланған.
Дональд Трамп басқа елдерге қарағанда АҚШ-та ядролық қару көбірек екенін мәлімдеді.
— Бұған менің президент лауазымына алғаш сайланғаннан кейінгі мерзімде қол жеткізілді. Ол уақытта қолданыстағы қарудың барлығы жаңартылып, жаңғыртылды. Қарудың жойқындылығына қарай мен бұл істі жек көрдім. Бірақ, амал жоқ атқару керек болды. Ресей екінші орында тұр. Қытай беснші орында, алайда олар алдағы бес жылда теңесіп қалады. Өзге елдер сынақтан өткізіп жатқандықтан мен министрлікке өзіміздің яһдролық қарымызды сынақтан өткізуге бұйрық бердім. Бұл іс мейлінше шұғал басталады, — деді Дональд Трамп.
