Астана. 19 тамыз. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW жазды.
Зеленский бұл мәлімдемені «үлкен қадам» деп бағалап, соғыстан кейінгі Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесінде АҚШ-тың қолдауына сенім білдірді.
Сонымен қатар, Зеленский Трамптың тұтқындар алмасу процесіне араласып, «барлығын барлығына» принципімен әскери тұтқындардан бөлек, бейбіт тұрғындар, журналистер мен саяси тұтқындарды да қайтаруға көмектесуге дайын екенін айтты.
Президенттің айтуынша, Ресей әкеткен украин балаларының елге оралуы – келіссөздегі маңызды тақырыптардың бірі. Ал территория мәселесі Путинмен жеке талқыланбақ.
