Түркістан облысы Шардара қаласында Сырдария өзені бойындағы шіркейлерді дәрілеу басталды.
Мамандардың сөзінше шіркей өзен бойында тұқым сеуіп, жыл бойы осы судың жағасынан тарап отырады. Осының алдын алу үшін гидрологтар қаңтар айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Дәрілейтін компания өкілінің сөзінше шіркейлер тұқымдарын жарып шығуда және күн жылыған сайын олар тез дамиды.
Дәрілеу жұмыстары наурыз айында әрбір 10 күн сайын жүргізілсе, сәуір айында апта сайын қолға алынады. Айта кету керек, шәркейді дәрілеген соң толық жойдық деп айта алмайды. Бұл іспен тек олардың санының көбеймеуін қадағалайды.
Самат Сапаралы