Басылым мәліметінше, Түркістан облысында қылмыс саны 9 пайызға төмендегенімен, ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық деректері азаймай тұр. Тіпті өңір тұрғындары арасында пирамидаға сеніп, қыруар қаражатынан айырылғандар да бар. Қаражатын көбейтіп аламыз деп алданып қалғандар саны 2000-нан асады. Қазір осы жайтқа қатысты 2 қылмыстық іс қаралып жатыр.
«Түлкібас және Төлеби, Жетісай, Мақтаарал аудандарының тұрғындары екені анықталған. Бұл істер бойынша тергеу сотының қаулысымен 2 әйелге қатысты 2 айға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, жалпы 15 күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды», — дейді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай.