• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Түркістанда сот Зағамбар ауылындағы оқиғаға қатысты 14 адамның ісін қарай бастады

Түркістанда сот Зағамбар ауылындағы оқиғаға қатысты 14 адамның ісін қарай бастады

27 сентября, 2024 Жаңалықтар

26 қыркүйекте Түркістан облысы Төлеби аудандық соты биыл көктемде Зағамбар ауылында болған тәртіпсіздіктерден кейін дүние-мүлікті бүлдірген деп айып тағылған 14 адамның ісін қарай бастады. Олардың бәрі Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылып жатыр. Айыпталушылардың бесеуіне бұған қоса «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» айыбы тағылған. Істі судья Ғани Байарыстан қарап жатыр-деп хабарлады «Азаттық» радиосы.

Бұған дейін айыпталушылар Ердос Өскенбаев, Жеңіс Әбдіразақұлы, Саят Мамай қамаудан кепілмен босатылған, ал Ермек Пернебаев, Әбдіғани Нармет, Ернұр Мейірбек, Асан Сауырбаев, Дәурен Қабыл, Нұрдәулет Әзімхан, Бексұлтан Кауке, Аян Төлебек, Нұрсұлтан Истамбеков, Жайсанбек Қалыбеков, Рахым Сламханды ешқайда кетпейтіні туралы қолхат беріп бостандықта жүр.

Сот отырысына айыпталушылар мен олардың қорғаушылары және істе жәбірленуші деп танылған сегіз адам қатысты.

Айыптау актісіне қарағанда, айыпталушылар «кәмелет жасына толмаған қыз зорлық көріпті» деген хабар естіген соң ауыл шетіне жиналған. «Алдын ала сөз байласып, көліктер мен қораларды қасақана өртеуді жоспарлаған» деп жазылған актіде.

Айыпталушылардың бәрі «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты мойындады. Бұған қоса, «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабымен айып тағылған бес адамның үшеуі «екінші айыпқа келіспеймін және мойындамаймын» деп мәлімдеді.

Биыл 23 сәуірде Зағамбар ауылында аралас мектептің оқушы қызын «бірге оқитын жасөспірім зорлапты» деген суыт хабар тараған. 24 сәуірге қараған түні ауылда бірнеше көлік пен мал қора өртеніп, белгісіз біреулер бірнеше үйге тас лақтырған.

Зағамбарға полиция жасағы кіріп, интернет пен телефон байланысы өшірілген. Таңертең ауылда арнайы жиын өтіп, түске жақын блокпост қойылған.

Кейін Түркістан облыстық полиция департаменті Зағамбар ауылында тұратын «кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша» тергеу басталғанын, күдікті ретінде жасөспірім мектеп оқушысы қамауға алынғанын хабарлады.

Бұл істе 10-сыныпта оқитын жасөспірім ұл күдікке ілінген. Онымен бір мектепте 9-сыныпта оқитын қыз жәбірленуші деп танылған.

Зағамбар ауылы Төле би ауданының орталығы Ленгер қаласынан 7 шақырымда орналасқан. Жергілікті халық негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады, жақын маңдағы жекеменшік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Ресми мәлімет бойынша, ауылда бес жарым мыңға жуық адам, оның ішінде 4 мыңнан астам өзбек ұлтының өкілдері тұрады.

Оқылып жатыр

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар 3 февраля, 2026

Астана. 3 ақпан. BM.KZ – Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып…

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

3 февраля, 2026

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

3 февраля, 2026

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте ТОП-10-ға кірді

3 февраля, 2026

Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп

3 февраля, 2026

Алматыда қылмыстық топ өкілі ұсталды

3 февраля, 2026

Темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

3 февраля, 2026

Ұлттық банк Олимпиада ойындарының құрметіне коллекциялық монета шығарады

3 февраля, 2026

Атырау облысында малдың жаппай қырылуы тіркелді

3 февраля, 2026

Қазақстанда жаңа газ кен орны табылды

3 февраля, 2026

ІІМ Конституцияның жаңа жобасына қатысты жалған ақпарат үшін жауапкершілік бар екенін ескертті

3 февраля, 2026

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

2 февраля, 2026

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

2 февраля, 2026

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.