• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады

Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады

3 мая, 2024 Жаңалықтар


📌Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды.

✔Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі үш апта қатарынан төмендеп келеді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер бойынша байқалып отыр.

➤ Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының анағұрлым ауытқуына жол бермеу үшін Үкімет Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін алдын ала пысықтады. Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы – «QazTrade» АҚ өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды.

✅ Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілетін болады.

➤ 9 ӘКК-мен жалпы көлемі 4 мың тонна болатын импорттық көкөністерді, оның ішінде 2 060 тонна картоп пен 1 940 тонна пияз жеткізуге шарттар жасалды.

⏺

Қазақстанның барлық өңірінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету және маусымаралық кезеңде көкөністер бағасының ауытқуын болдырмау үшін Премьер-Министр келісімшарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

➤ Жалпы алғанда, әкімдіктерге кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пиязға алдын ала келісімшарт жасау қажет. Қазіргі уақытта қолда бар қорлардан 81 мың тонна көлемінде көкөніс өнімдері пайдалануға берілді.

➤ Сонымен қатар жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезіндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері қаралды. Министрлік жыл басынан бері мүдделі органдармен бірлесіп, тауарлық үстеме бағаны асырған 732 фактіні анықтап, 1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды, 109 өнімсіз делдал алып тасталды.

Жалпы жыл басынан бері баға белгілеуге әсер ететін 2,5 мыңнан астам тізбекке талдау жасалып, сауда, салық және монополияға қарсы заңнамаларды бұзудың 800-ден астам тәуекелі анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша ақпарат жедел шара қолдану үшін уәкілетті органдарға жолданды.

⏺

Бақылау-фискалдық және құқық қорғау органдарын тарту арқылы өңірлік комиссиялардың қызметі қайта қаралып, күшейтілді.

📌 Үкімет басшысы кейбір тауарлар бойынша бағаның өсуі тіркелген Жамбыл және Абай облыстары әкімдеріне оларды тұрақтандыру шараларын күшейтуді тапсырды.

➤ Сауда министрлігіне бағаның өзгеруіне күн сайын талдау жүргізу, Ауыл шаруашылығы министрлігіне нарықты отандық өніммен сапалы әрі толық көлемде қамтып, агроөнеркәсіп кешені саласындағы өңдеу көлемін арттыру жөніндегі барлық жоспарланған шараларды іске асыру жүктелді.

«Халықты сапалы әрі қымбат емес өнімдермен қамтамасыз ету – Үкімет пен жергілікті билік органдарының басты міндеттерінің бірі. Делдалдарсыз және бағаға қатысты алаяқтыққа жол бермейтін тікелей жеткізілім қажет. Әкімдер құқық қорғау органдарымен бірлесіп бұл мәселеде тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқылып жатыр

Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: көпбалалы ана бірнеше адамды алдап, 35,4 млн теңге иемденген

Ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ақшаны құмар ойынға жұмсаған: көпбалалы ана бірнеше адамды алдап, 35,4 млн теңге иемденген

Жаңалықтар 18 декабря, 2025

Астана. 18 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының соты бірнеше рет алаяқтық жасаған көпбалалы анаға қатысты…

Қазақстан-Жапония: Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады

18 декабря, 2025

Ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

18 декабря, 2025

Шымкентте елден тендерге деп ақша жинаған интернет-алаяқ сотталды

18 декабря, 2025

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

17 декабря, 2025

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.