• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті

Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті

18 марта, 2024 Жаңалықтар

Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов а.ж. 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді.

📌Президент ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуды тапсырды.

➤ Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады.

📌Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр.

➤ Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді.

➤ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банкімен бірлесіп, 300 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарлама іске қосылады.

➤ Жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады.

➤ Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

➤ Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық.

📌Еліміздің жол желісін дамыту бойынша Президент айтқан 12 мың шақырым автомобиль жолдарын реттеу үшін Үкімет ағымдағы жұмыстардан бөлек, қосымша 2,5 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

➤ Бұл мақсаттарды іске асыру үшін шамамен 1 трлн теңге инвестиция бағытталатын болады.

➤ Бұл жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық республикалық жолдардың үлесін 93%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ 24 мың жаңа уақытша және тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

📌Елді мекендерді газдандыру деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысы кемінде 1,7 мың шақырым желіні жаңғырту міндетін қойды. Бұл 300 мыңнан астам азаматқа көгілдір отынды қолжетімді етеді.

➤ Осыған байланысты Үкімет биыл жоспарланған 46 елді мекеннің орнына 87 елді мекенді газдандырмақ.

➤ Осылайша, жеделдетілген шаралардың арқасында 63 мыңнан астам халқы бар қосымша 41 елді мекен газдандырылады, яғни қамту деңгейі 2 есеге ұлғаяды.

➤ Бұл мақсаттарға 195 млрд теңге бөлінетін болады.

❗️Үкімет басшысы биыл 1 сәуірге дейінгі мерзімде жобаларды қаржыландыру кестесін уақтылы ұсынуды тапсырды. Кесте сондай-ақ жобалардың әрі қарай іске асырылуын бақылауды да көздейтін болады.

«Біз Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Әрбір министрге және әкімге, ұлттық компаниялардың басшылығына жұмысты күнделікті бақылауға алуды тапсырамын. Тұрғындар нақты өзгерістерді көруі қажет. Толық қайтарыммен жұмыс істеу және жоғары нәтиже тиімділіктің көрсеткіші болмақ», — деді Олжас Бектенов.

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.