Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралуда.
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әріновтің баяндауынша
Республикалық және өңірлік жедел штабтар құрылып, 384 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды.
Тәулік бойы «жедел желі» жұмыс істеуде.
Оқиға орын алған күні қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты.
Әкімдіктермен қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасуда.
Сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді.
Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.
Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Төтенше жағдай министрлігі профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды