Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 66 оператордың экологиялық бақылау нәтижелері бойынша 125 заң бұзу дерегін анықтаған. Аталған факті бойынша 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, кінәлі жандарға 4,6 миллион теңге айыппұл салынды.