Астана. 28 қараша. BM.KZ — Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовтың ұсталғанын растады.
Оның қамауға алынғаны туралы ақпарат бұған дейін бірқатар БАҚ-та жарияланған.
— Аталған факт бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қосымша ақпарат, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Айдос Есполов «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі және Еуразия технологиялық университеті мен Alatau Asset Management Company құрылтайшыларының бірі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланған ақпарат бойынша ол ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық кезінде ақша жымқыру және пара алу ісі бойынша (шамамен 2,2 млрд теңге) ұсталды.
Бұған дейін Назарбаевпен туыстық байланысы бар Айдос Есполовтың ұсталғаны хабарланғанын жазған болатынбыз.
