Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Бұған дейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен бизнесмен Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-нің бірқатар қызметкері ұсталғаны жайында ақпарат тараған болатын.
«Orda» телеграм-арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге сала кетейік», – деп жазылған ҰҚК мәлімдемесінде.
Мұның алдында Сыртқы істер министрлігі де ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеген.
