• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Украина 10 жыл қорғаған қаласынан айырылды

Украина 10 жыл қорғаған қаласынан айырылды

24 февраля, 2024 Әлем

Қаланы өз қолында ұстап қалуға Украина армиясына солдат пен снаряд жетпеді.

Сонымен, 2024 жылғы 17 ақпанда Украина Қарулы күштерінің жаңа Бас қолбасшысы Александр Сырский Донецк облысындағы Авдеевка қаласынан украиналық әскерлердің шығарылғанын жариялады.

Осылайша, украиналық Отан қорғаушылар соғысқа дейін 30 мыңдай тұрғыны болған аудандық маңызы бар шаһарды он жыл қорғады.

Донецк қаласына осы Авдеевка биіктен төніп тұрған еді. Одан Донецк қаласына дейінгі қашықтық тура бағытта – 15, автожолдармен 25 шақырымды құрайды. Еш кедергісіз қозғалса, көлік жарты сағатта жетіп барады.

Сол себепті Авдеевка Украинаның болашақ контршабуылдары үшін аса маңызды, стратегиялық бекініс ретінде қабылданды. Оны қорғауға бар күшін салды. Сондықтан былтырғы қазан айынан бері Ресей армиясы Авдеевкаға шабуылдарды күрт арттырды. 2023 жылдың соңында АҚШ Киевке көмегін доғарғаннан кейін украиналық армияда снаряд тапшылығы басталды. Олардың гаубицалары негізінен үнсіз тұрады.

Соғысты зерттеу институтының (ISW) дерегінше, РФ армиясының әрбір 10 атысына УҚК 1 ғана атыспен жауап бере алды. Украиналықтар FPV дрондармен қорғанып бақты.

Оның үстіне Украина парламенті – Жоғарғы Рада тиісті заң жобасын қабылдауды сөзбұйдаға салып, бұрынғы Бас қолбасшы Валерий Залужный сұраған жаппай мобилизацияны кешіктірді. Салдарынан, армияда солдат тапшылығы туындады. Бірқатар сарапшылардың дерегінше, Авдеевкада 700-дей ғана жауынгер қалған, олар Ресейдің 40 мыңнан астам солдатына қарсы тұрды, қоршауда қала бастады.

Ресей орнында тек терең шұңқыр қалдыратын 1,5 тонналық алып авиабомбалармен Авдеевка қаласын үстемеле бомбалады. Қоршаудан шыға алғандар қаладағы ғимараттарда, үйлерде жасырынған украиналық жауынгерлердің жапырылған қабырғалар астында қалғанын, оларды аршып, құтқарып алу мүмкін болмағанын егіле жеткізді.

Содан Украинаның жаңа Бас қолбасшысы Александр Сырский Авдеевканы тастап шығудан басқа амал қалмағанын мәлімдеді.

Ол халыққа желіде «Головнокомандувач ЗС України» ресми парақшасы арқылы қайрылды.

«Авдеевканың айналасында қалыптасқан оперативті ахуалға байланысты, қоршауда қалуға жол бермеу және әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында біздің бөлімшелерді қаладан шығару және тиімдірек шептерде қорғанысқа көшу туралы шешім қабылдадым. Біздің Отан қорғаушылар өздеріне жүктелген әскери борышын лайықты атқарды, ресейлік үздік әскери бөлімдерді жоюға бар күшін салды. Дұшпанның жауынгерлері мен техникасына айтарлықтай шығын келтірді. Ахуалды тұрақтандыру, жаңа позицияларды ұстап қалу үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Әскерилеріміздің өмірі – ең жоғарғы құндылық. Біз Авдеевканы бәрібір қайтарып аламыз», – деп аяқтады сөзін А.Сырский.

УҚК запастағы полковнигі, украиналық әскери сарапшы Роман Свитан Авдеевканы қайтару енді қиын болатынын айтады. Өйткені украиналық әскерилер шегінген жаңа бекіністер қаладан төмен жатыр. Яғни, жау оны алақанға салғандай көреді, еркін атқылайды. Оның пікірінше, Авдеевканы қайтару оны ұстап қалудан да көп құрбанға соқтырады. Алайда қару тапшылығы салдарынан оны тастап шығудан басқа шара болмаған.

Осы майданда ұрыс салып жатқан украиналық «Таврия» оперативті-стратегиялық әскерлер тобының қолбасшысы Александр Тарнавский Бас қолбасшының шешімін қолдады.

«Снарядтар бойынша басымдығы «онға бір» снарядтан келіп тұрғанда, әуеден тұрақты бомбалау жүзеге асырылып жатқанда, Авдеевкадан әскерлерді шығарып әкету – жалғыз дұрыс шешім болды», – деді ол.

Бұған қоса, Батыстағы серіктестері Украинаға америкалық F16 жойғыш ұшақтарын тапсыруды түлкібұлаңға салып, кешіктіруде. Салдарынан, украиналық жауынгерлерді аспаннан қорғайтын әуе көлігі қалмады.

Соның қарсаңында The Washington Post Авдеевкадан әскерді әкетуге украиналық армияның ақпанның ортасына таман кіріскенін хабарлады. Америкалық басылымның байламынша, бұл қаланы басып алса, Ресей армиясы 2022 жылғы шілдеде Лисичанск, 2023 жылғы қаңтарда Соледар, сол жылғы мамырда Бахмут қалаларын оккупациялағалы бергі майдан даласындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізбек.

Кеше кешке Ресей басшысы Владимир Путин ресейлік әскерилерді Авдеевка қаласын толық бақылауға алуларымен құттықтады. Бұл туралы журналистерге президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Бұл жаңалықты Кремльдің қожайынына Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу баяндаған. Ол ресейлік әскердің қаланы толық өз қолына көшіргенін және коксхимия зауытында қалған украиналық жауынгерлерді бұғаттауға кіріскенін жеткізді.

Путин бұған дейін Авдеевканы «әскери іс-қимылдардың ең бір маңызды бағыты» деп жариялаған болатын. Демек, оны орыс әскерінің басып алуы – биылғы наурыздағы президенттік сайлауда және ұлықтау салтанатында мақтана айтатын жетістігіне айналғалы тұр.

Авдеевкада қоршауда қалғалы тұрған жауынгерлерді ұйымдасқан түрде шығарып алу үшін Сырский «азовтық» ардагерлер кіретін атақты 3-ші шабуылдаушы бригаданы аттандырды. Оның өкілдері Авдеевкадағы ахуалды «вагнерліктер» қырғын салған Бахмуттағыдан да зұлмат («Бои в Авдеевке более адские, чем в Бахмуте») деп бағалады.

Украиналық сарапшы Александр Мусиенконың тұспалдауынша, шамалы кешіккенде, Авдеевкадағы жауынгерлер толығымен қоршауда қалуы мүмкін еді.

«Отан қорғаушыларымызда жауға қарсы тұратын мүмкіндік те қалған жоқ. Логистика, тасымал жолдары атқыланып, кесіп тасталды. Адам шығынына қарамаған ресейліктер өршелене ілгері ұмтылды. Шайқастар қаланың ішіне ауысты. Қарсылас белсенді қолданған авиация шешуші рөл атқарды. Басқарылатын авиабомбалармен соққы беру саны еселеп артты. Жауынгерлерді құтқармағанда, босқа шығын болатын еді», – деді сарапшы.

Шегіну қарсаңында Авдеевкаға The Washington Post журналистері барып қайтқан.

«Орыстардың мейлінше таяп келгені сонша, Авдеевка коксхимия зауытына тек түнде бара алдық. Көліктеріміздің жарықтары өшірілді және шамдары тұмшаланды. Төбеде самсап ұшқан жау дрондары жылт еткен нәрсеге назар аударуы мүмкін. Бізге ілескен «Альфа» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері жолды аңдау үшін түнде көру көзілдіріктерін киіп алды. Олардың қолдарындағы портативті құрылғы ресейлік беспилотниктердің жақын маңда екенін көрсетіп тұрды. Бұл соғыстағы ең сұрапыл шайқастардың орталығына айналған қала қамауда қала бастады», – деп суреттеді америкалық газеттің тілшілері.

Олардың пікірінше, заманында гүлденген Донбастың экономикалық тірегі болған, бүгінде алапат авиабомбалардан жайрап жатқан коксхимия зауыты – кері шегінген украиналық әскердің соңғы бекінісіне айналуы мүмкін.

Түнге жақын DeepState жаңа картасын жариялады, онда жаудың коксхимия зауытын да басып алғаны бейнеленген. Мысалы, 3-ші шабуылдаушы бригада журналистерге Авдеевкадан әскерді шығару жалғасып жатқанын айтты.

Украинаның Бас штабы болса, Авдеевка бағытындағы шайқастар енді Ясиноватая қаласының Ласточкино кентіне қарай ауғанын мәлімдеді.

The Washington Post «Киевтің солдаттар, снарядтар, қарулар, моральдық рух және ақша тапшылығына тап болғанын пайдаланған ресейлік әскер майдан даласындағы бастаманы өзіне қайтарып алып жатқаны» туралы көңілсіз тоқтамға келді.

Ресейлік БАҚ енді облыс орталықтары болып табылатын Харьков пен Запорожье қалаларын, сондай-ақ Краматорск, Славянск, Северск, Угледар қалаларын «босату» міндеті тұрғанын жариялап тастады. Ресей әскері осы ірі шаһарларды атқылауын үдетуі мүмкін. Соның дәлеліндей, осы түнде ресейлік әскер Купянск қаласына авиабомбалар тастады.

Фото: rbc.ru

Оқылып жатыр

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

Украина АҚШ-қа бейбіт жоспар жобасына берген жауабын жолдады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Павлодар соты Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қол көтерген спортшыны кінәлі деп…

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.