Астана. 4 қараша. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде екінші кездесуін өткізді.
Қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобында әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кортқа шықты.
Бұған дейін қарсыластар өзара он рет кездесіп, соның алтауында Швентек басым түскен еді.
Бүгінгі ойынның маңыздылығы сол, онда ұтқан теннисші жартылай финалға жолдама алатын еді. Өйткені Рыбакина да, Швентек те, алғашқы кездесулерінде жеңіске жеткен болатын.
Бірінші партияда Швентек басымдылық танытты — 6:3.
Бұдан кейін Елена дес бермеді — 6:1, 6:0.
Бір сағат 38 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 5 эйспен бірге 7 брейік-пойнттың бесеуін пайдаланды. Швентек 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде өз спорттық жолында алғаш рет жаотылай финалға мерзімінен бұрын шықты.
Енді Е.Рыбакина өз тобындағы соңғы бәсекесін 5 қараша күні әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын WTA қорытынды турнирінде Елена Рыбакинаның әлемнің 4-ракеткасын ойсырата жеңгенін жазған едік.
