• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » XXI ғасырдағы алып қашу: жұмыс істемейтін тыйым немесе әлем елдері кереғар дәстүрді қалай күйретті

XXI ғасырдағы алып қашу: жұмыс істемейтін тыйым немесе әлем елдері кереғар дәстүрді қалай күйретті

19 января, 2026 Басты тақырып
Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Шымкенттегі «алып қашу» деген желеумен ХХІ ғасырда ақтауға келмейтін оқиға қайта қызу талқыға түсті. Кәмелетке толмаған қыз баланы неке құрмақ ниетпен күштеп алып кетіп, ұстап, өзінің айтуынша, зорлауға дейін барған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қыздың қарсыласқан жанайқайы мен «есін жияр» деген үмітпен соған күле қараған егде жастағы әйелдер байқалады.

Даулы оқиғадан кейін полиция іс қозғағанын мәлімдеді. Алайда қоғам пікірі қайтадан сол «бұл – дәстүр», «ылғи осылай болған», «үлкендердің кінәсі жоқ» дегендей жауыр болған тұйыққа тірелген.

BM.KZ редакциясы осы тақырыпты талдап көрді. Мұндай оқиғалармен өзге елдер қалай күресті? Неге формалды тыйымның орнына қатаң құқық қолдану шарасы жағдайды күрт өзгерте алды?

Қазақстанда формалды тыйым неге жеткіліксіз?

Қоғамда қалыптасқан пікірге қарсы елімізде кешегі күнге дейін алып қашуға, яғни, мәжбүрлі некеге тікелей тыйым салатын арнайы қылмыстық бап болмады. Мұндай жайттар жылдар бойы Қылмыстық кодекстің тек жалпы нормалары аясында – адам ұрлығы немесе заңсыз бостандығынан айыру сияқты қарастырылып келді. Бұл кінәлілерді формалды тұрғыда ғана жазалауға мүмкіндік берді де іс жүзінде жағдай керісінше өрбіді.

Тергеу органдары жүйелі кедергіге ұшырады: егер қызды босатып жіберсе, істі көп жағдайда қайта саралап немесе тоқтатып тастап отырған. «Отбасылық жанжал», «ниетінің болмауы» немесе «кейінгі ерікті келісімі» сияқты дәйектер фигуранттардың жауапкершіліктен жалтаруына жағдай туғызып отырды. Ал қатысы барлар – туыстары, делдалдар, қамақта ұстап, қысым көрсеткен үлкен әйелдер ешқашан дерлік айыпталушылар қатарына кірмей келді.

Қазақстандық және өңірлік БАҚ мәліметтерінше, 2019-2024 жылдар аралығында елімізде неке құру ниетімен әйел ұрлау жөнінде жүздеген шағым тіркелген. Алайда сотқа соның бірлі-жарымы ғана жеткен, нақ үкім шыққандары тіпті сирек. Заң мен құқық қолдану арасындағы тап осы алшақтық құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар, оның ішінде UN Women Қазақстандағы өкілдігі тарапынан сынға ұшырады.

Ақыр аяғында мемлекет қызық жағдайға тап болды. «Дәстүр» рұқсат етілгендіктен емес, тікелей аталмағандықтан әрі жекедара қылмыс ретінде бөліп көрсетілмегендіктен жалғаса берді. Бұл жазасыз қалатындай сезім қалыптастырып, зорлық-зомбылықты «сұр аймақ» ретінде қабылдауға жағдай туғызды.

Тек 2025 жылдың қыркүйегінде жағдай күрт өзгерді. Парламент алғаш рет некеге мәжбүрлеуге жеке қылмыстық бап енгізді. Сөйтіп, жаңа норма құқық түйткілін шешіп берді. «Еркімен босатуға» сілтеп, жауапкершіліктен сытылу мүмкіндігі жойылды. Ал бірнеше адамның қатысуы және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекеттер тікелей ауырлататын мән-жайлар ретінде белгіленді.

Осылайша құқық қорғаушылар жылдар бойы айтып жүрген мәселені Қазақстан ресми мойындады: бұрынғы нормалар жұмыс істемейтін, ал формалды тыйым анық қылмыс құрамынсыз жағымсыз әдетті тоқтата алай келді. Ендігі мәселе заңның жоқтығында емес, сол жаңа норма барлығына – осыған дейін «дәстүр» көлеңкесінде қалып келгендерге де бірдей қолданыла ма?

Қырғызстан: адам өліміне дейін апарған сәт

Көрші Қырғызстанда «ала качуу» тәжірибесінің ең сорақысы 2018 жылы болды. Оқиға Бурулай Турдаалықызының өлімімен аяқталды. Қызды Бішкекте ұрлап әкетеді. Артынан өзі милиция бөліміне қорғаныш іздеп барады. Сол жерде оны ұрлап әкеткен адам өлтіріп тынады. Бұл оқиға бүкіл елді дүр сілкіндіріп, BBC News пен Reuters-тен бастап, аймақтық басылымдарға дейін ауқымды халықаралық ақпараттық резонанс тудырды.

Қоғамдық резонанс күшті болғаны соншалық, мемлекет формалды мәлімдемелерден нақты шараларға көшуге мәжбүр болды. Қайғылы оқиғадан кейін өрескел, орны толмас заңбұзушылықтарға жол берген полиция қызметкерлері қызметтен босатылды, ал 2019-2021 жылдары Қылмыстық кодекс нормалары қатаңдатылды. Мәжбүрлі некеге тұру мақсатында адам ұрлағаны үшін нақты бас бостандығынан айыру жазалары енгізілді; егер жәбірленуші кәмелетке толмаған болса, жаза 10 жылға дейін барады. Тағы бір шешімді маңызды өзгеріс – құқық қолдану фокусы бір «күйеу жігіттен» топтық сыбайластарға ауысты. Онда қылмысты ұстауға, қысым көрсетуге және жасыруға қатысқан барлық тұлғаның жауапкершілігі қарастырыла бастады.

Қырғызстан Әділет министрлігінің деректеріне сәйкес, осы өзгерістерден кейін қылмыстық істер саны артып, мұндай тәжірибе қалаларда жылдам жойыла бастаған. Бұл әлбетте, «мәдениеттің кенет өзгергендігінен» немесе қоғам жұмсара түскендіктен емес. «Ала качуу» үшін тек шартты жаза емес, шын мәнінде түрмеге отыруға болатыны әрі жалғыз емес, бүкіл отбасымен бірге жауапқа тартылатыны айқын болған кезде ғана бұл әдет шегініс жасады. Дәл осы ұжымдық қылмыстық жауапкершілік қорқынышы кез келген «дәстүрден» күшті болып шықты.

Эфиопия: некемен «өтеу» ұғымы қалай күйреді?

Эфиопияда қыздарды некеге тұру мақсатында ұрлау – телефа деп аталатын тәжірибе – ұзақ уақыт бойы рұқсат етілетін әдет ретінде қабылданып келді. Мұндай жағдайларда зорлық-зомбылық формалды неке арқылы жиі «жойылып», ал жәбірленуші бас тартса, әлеумет оны шеттететін жүйеде қамалып қалатын. Мұның бәрі 13 жасында ұрланып, зорланған Воинешет Зебене ісінен кейін өзгерді.

Бұл оқиға халықаралық резонанс тудырып, The New York Times басылымында жан-жақты жарияланды. Отбасы мен айналасының қысымына қарамастан, қыз бала таңылған «некені» мойындаудан бас тартып, істің жоғары сот инстанцияларында қаралуына қол жеткізді. Осы процесс мемлекетті көпшілік алдында » дәстүр жыныстық зорлық-зомбылықты ақтай ала ма?» деген маңызды сұраққа жауап беруге мәжбүр етті.

Жауап та көп күттірмеді. 2005 жылы Эфиопия қылмыстық заңнаманы өзгертті: зорлық-зомбылық некемен «жойылмайтын» болды, мәжбүрлі одаққа тұру мақсатындағы ұрлау ауыр қылмыс деп танылды, ал туыстар мен делдалдардың қатысуы жеке қылмыстық жауапкершілікке негіз болып есептелді. Заң енді рәсімді қорғауды тоқтатып, жәбірленушіні қорғауға бағытталды.

Бүгінде Воинешет Зебене ісі заңгерлер мен құқық қорғаушылар үшін жарқын мысалға айналған. Бір ғана іс жылдар бойы «дәстүрмен» бүркеніп келген тәжірибені жоя алатын, айқын және аяқталған іс ретінде қарастырылады.

Марокко: «жазаның орнына – неке» нормасы жойылды

Мароккода Әмина әл-Филяли ісі қоғам санасын күрт өзгерткен оқиға болды. 2012 жылы небәрі 16 жасар қыз зорланып, содан кейін сол кездегі заңнамаға сәйкес, айналып келгенде зорлаған адаммен некеге мәжбүрленгеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Өйткені, Қылмыстық кодекс қылмыскерге жәбірленушімен некеге тұру арқылы түрмеге отырмауға мүмкіндік беретін. Сөйтіп неке зорлықты заңдастырудың құқықтық механизміне айналған.

Бұл оқиға кеңкөлемді қоғамдық реакция туғызып, халықаралық деңгейде сөз болды. Al Jazeera және The Guardian басылымдары бұл туралы жан-жақты жазып, мәселе тек жеке жағдай емес, қылмыстық құқыққа енгізілген жүйелік норма екенін, «отбасының абыройы» логикасын жәбірленушінің құқықтары арқылы қолдайтынын ерекше атап көрсетті.

Наразылықтар мен құқық қорғау науқандарының қысымынан кейін Марокко билігі өз ұстанымын қайта қарауға мәжбүр болды. 2014 жылы Қылмыстық кодекстің тиісті бабының күші жойылды. Мемлекет көпшілік алдында зорлауды некемен «өтеуге» мүмкіндік беретін норма адамның қадір-қасиеті қағидаттарына және зорлықтан қарапайым базалық қорғануға қайшы келетінін мойындады.

Оңтүстік Африка: ухутвала

Оңтүстік Африкада укутхвала тәжірибесі – соның ішінде кәмелетке толмағандарды мәжбүрлі некеге тарту – апартеид құлағаннан кейін де, демократиялық реформалар жүргізілгеннен кейін де сақталды. Ұзақ уақыт бұл тәжірибе «сұр аймақта» қалып келді: заң бойынша ресми түрде тыйым салынғанымен, дәстүр көшбасшыларының мәртебесі арқылы қорғалып, рәсімді заңдастыруға рұқсат беріп, қылмыстық жауапкершіліктен тыс қалатын.

Қыз балаларға қатысты бірқатар ұрлау және жыныстық зорлық оқиғаларын тергеуден кейін жағдай өзгере бастады; бұл оқиғалар Human Rights Watch есептерінде және Оңтүстік Африка БАҚ-тарында кеңінен жарияланды. Тергеу барысы да мәселенің жүйелі екенін, қылмыс тек жеке ер адамның әрекеті емес, бүкіл құрылым арқылы қолдауға ие болатынын көрсетті.

Мемлекет те принципті жауап қатты. Құқық қолдану тәжірибесінде жауапкершілік енді тек тікелей қылмысты орындаушыларға ғана емес, укутхваланы санкциялаған немесе жәбірленушілерді қорғауға кедергі жасаған дәстүр көшбасшыларын да қамтыды. Іс жүзінде бұл тәжірибенің негізгі қорғаныс механизмі болып келген «мәдени билік» иммунитеті жойылды. Соның нәтижесінде осындай оқиғалардың саны азайды.

 Қорытынды орнына

Қырғызстан 2018 жылға дейін, ал Марокко 2012 жылға дейін болғаны секілді бүгінде Қазақстан да дәл сол жағдайға тұр. Барлық ересек қатысушы – тек қылмысты орындаушылар ғана емес, сонымен бірге ұстап, көндіріп, жауып-жасыратындар да қатаң, жария және жүйелі жазаланбаса, бұл тәжірибе әлі де қайталанып отыруы мүмкін.

Диана Ыдырыс,

BM.KZ

алып қашу бап Заң Қазақстан Қырғызстан Марокко Оңтүстік Африка Эфиопия

Оқылып жатыр

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.