Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open–2026 турнирінің үшінші айналымында аса тартысты матчта Түркия өкілі Зейнеп Сенмезді жеңіп, алғаш рет жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алды.
Кездесу 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен аяқталды.
Түрік теннисшісі қуатты әрі атлетикалық ойын көрсетті. Кездесудің көп бөлігінде екінші номермен ойнауға мәжбүр болған Путинцеваға оңай болған жоқ. Кездесу 2 сағат 34 минутқа созылды.
Төртінші айналымда Юлия Путинцева италиялық Жасмин Паолини (№8) мен америкалық Ива Йович (№27) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
