Zaimer.kz базасында жеке деректері таралып кеткен азаматтар не істеуі керек
2024 жылғы 5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 млн-нан астам жеке деректерінің таралуын анықтады.
Осылайша, жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді.
Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және «МҚҰ Robokesh.kz» ЖШС-нің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз, онда бұл жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз, — делінген министрлік хабарламасында.