Бұл мәселеде халықаралық оң тәжрибелерді ескере отырып кешенді жұмыстар жүргізілу керек. Ең бірінші күл-қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеуді бөліп қарастыру керек.
Біріншіден, ауылдарда мал қиын қалдықсыз пайдалану құрылғыларын орнату керек.Кеңес заманындағыдай сол қиды егіс алқаптарына тасып, органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану қазір жоқ, сондықтан көп ауылдың ішіндде оның иісі бұрқырап тұр. Сонымен қатар, елді-мекендерде одан брикет гранулаларын шығаратын жылжымалы қондырғы орнату керек. Сонда ғана, ауыл тазарады, экология түзеледі, халыққа пайдалы іс болады.
Қытайдың, Еуропаның брикет, гранула шығаратын жақсы қондырғылары бар. Олар қызуы тас көмірден кем болмайды және одан күл шықпайды.
Екіншіден, аудандарда күл-қоқысты сұрыптау және жекелеген қайта өңдеу қондырғыларын орнатқан дұрыс. Сұрыпталған қалдықтар облыс орталығы немесе жақын маңайдағы ірі қалалардағы күл-қоқыс өңдеу және қайта өңдеу заводтарына тапсырылуы қажет. Бұл мәселеде тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинауды ынталандырудың халықаралық тәжірибесін кеңінен пайдаланған дұрыс. Мысалы, Швеция қалдықтарды қайта өңдеуге – 50,6%, энергия өндіруге – 48,6% пайдаланып, 0,8% ғана полигондарға жібереді екен. Ал Қытайда қоқысты өз ішінен бөлек, Америкадан тасып, жинап, іске асырудан әлемдегі бірінші миллиардер әйел — “Қоқыс ханшайымы” Чжан Инь шыққанын білеміз.
Біздегі күл қоқыспен түбегейлі шұғылданса, әр облыстан бір миллионер шығары хақ. Тиісті салалық жас мамандарды кеңселерде отырғызып қоймай, шет елдерге жіберіп, оқытып, тәжрибе алмастырып, қажетті технологияларды үйрету керек .
Ниқанбай Омарханов — қоғам және мемлекет қайраткері