Айта кетсек, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуіне байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейі біршама көтерілді. Бұл «Қазгидромет» мамандары жүргізген гидрологиялық мониторинг кезінде белгілі болды.
16 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша:
Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см-ді құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 347 см-ді құрап отыр.
Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см-ді құрайды.
Мамандардың айтуынша, су деңгейі әлі де көтеріледі.