Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Бақытжан Малыбаев қызметінен кету туралы рапорт жазып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды.
Қыркүйек айының басында Малыбаевтың қол астындағы қызметкерлердің заң бұзушылықтарына байланысты қызметін босатуға өтініш бергені белгілі болған еді.
«Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Малыбаев рапорт бергеніне байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарып отырған қызметінен босатылды», – делінген ведомствода.
Бақытжан Малыбаев бұл қызметті 2024 жылдың қыркүйегінен бері тура бір жыл атқарды.
Бұдан бұрын ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарын заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен қамауға алған болатын. Ұсталардан бір күн бұрын ол қызметінен жағымсыз себептерге байланысты босатылған еді.
